03
февраль
2025
Хабарландыру!
ЕЛІМІЗДЕ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ 5, 6, 7, 8-СЫНЫПТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ ҚҰЖАТТАРЫН ТІРКЕУ БАСТАЛДЫ
📜 Негіздеме: «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы.
✔️ Құжаттарды онлайн-тіркеу және қабылдау 2025 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында https://qabyldau.daryn.kz сайтында жүргізіледі.
Мамандандырылған білім беру ұйымы:
✔️ «Мың бала» ауыл мектептерінің ұлттық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары үшін 7-сыныпқа қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 10% мөлшерінде және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 5, 6, 7, және 8-сыныптарға қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде квоталарды бекітеді.
✔️ Қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде іріктелетін халықтың әлеуметтік осал топтарына:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары;
- ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;
- мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
- аналары "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
- экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының;
- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары жатады.
🧩 Конкурс 15 мамыр-15 маусым аралығындағы кезеңде апта сайын әрбір сенбі-жексенбі күндері өтеді.