10
январь
2025
"Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық конкурсының қалалық кезеңі өтті.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2025 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық конкурсының қалалық кезеңі өтті.
Педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында өткен фестивальге қатысушылар көпшілікке өздерінің заманауи тедх форматында таратуға лайықты озық педагогикалық идеяларын ұсынды.
Фестиваль қорытындысы бойынша № 178 мамандандырылған лицейден "Шеберлік палитрасы" бағыты «Информатика пәні» секциясы бойынша қатысқан әріптесіміз жеңімпаз атанды .
1 орын: Дуйсембекова Макпал Паримбековна–информатика пәнінің мұғалімі.
Кез-келген кәсіби бәсекелерге үлкен жауапкершілікпен қарап, тыңғылықты дайындықпен қатысатын алғырлығы, талғампаздығы мен жасампаздығы жоғары маман–Макпал Паримбековна бұл байқауда да Тедх форматында ойы ұшқыр, көпшілік алдында сөз сөйлеу шешендігімен қатар креативті идеяларымен ерекшелене біліп, өз ісінің мықты, кәсіби маманы екендігін дәлелдеді.
Топ жарып, ұстаздық шебер ұстанымын таныта білген маманымызға республикалық додаданың сәтін салсын! Іске сәт, көшбасшы, заманауи ұстаз!