Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
декабрь
2024

Кино – өмір айнасы

Бүгін, 25 желтоқсан күні, лицей ұжымы “Ұстаз” фильмін көріп, алған әсерлерімен бөлісті.
”Ұстаз”фильмі – ұстаз бен шәкірт арасындағы ерекше қарым-қатынасты, білім беру жүйесіндегі қиындықтар мен жауапкершілікті көрсететін қазақ кино өнерінің маңызды туындыларының бірі. Фильм сюжеті әрбір ұстаздың еңбекқорлығы мен шәкіртке деген сүйіспеншілігін насихаттап, рухани құндылықтар мен адамгершілік тәрбие беруге құрылған.
Фильмнің негізгі оқиғасы, шәкіртіне білім беру барысында қиындықтарға тап болған ұстаздың тәжірибесімен байланысты.
“Ұстаз” бейнесі – бұл тек қана білім берушінің рөлін емес, адам болмысының тереңдігін, рухани құндылықтарды түсінуді насихаттайтын тұлға. Бұл фильм әрбір көрерменді өз өміріндегі ұстазды бағалауға, оны құрметтеуге, сонымен қатар, өз балаларын тәрбиелеуде үлгі алуға шақырады.
Қазақ киносының дамуына қосқан үлесі биік бұл фильм, елімізде білім мен тәрбие мәселесін қайта қарауға мүмкіндік берері анық.
#Ұстаз #МектепӨмірі #ҰстазФильмі #БілімБерудіңАлтынДәні


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: