Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
декабрь
2024

"Егемен елдің ертеңі – жарқын!"

Он алтыншы желтоқсан – әрбір қазақстандық үшін ерекше күн. Биыл тәуелсіздігіміздің 33 жылы атап өтілмек. Бұл оқиға Кеңес Одағынан шыққан соңғы республика ретінде біздің жаңа тарихымыздың бастауы болған күн. Содан бері еліміз ұлттық рухты, дәстүрлерді сақтай отырып, даму жолына өтті. Тәуелсіздігімізді алған соң көптеген белестерді бағындырған болатынбыз.
Елдің шекаралары халықаралық деңгейде мойындалды.
Астана елорда болып жарияланып, қазіргі таңда Астана - ел символы.
Ал мен өз пікірімді білдірсем, елдің шарықтап нығаюына көмек беретін болашақтың көздері – ол жастар.
Жастарға айтар жолдамам: Ертеңгі күніміз – сіздер. Сіздер еліміздің болашағы, тәуелсіз Қазақстанның тірегі мен үмітісіздер!
Жаңа ұрпақ – бүгінгі күннің тірегі, ертеңгі елдің келешегі. Олар өз тамырын ұмытпай, өздерін жан-жақты дамытуы тиіс. Қазіргі әлемде мүмкіндіктер шексіз: ғылым, өнер, технология, кәсіпкерлік, спорт – кез келген сала жас буынға ашық.
Бұл мереке барша қазақ жерінде маңызды шаралармен аталып өтіледі. Мектеп жасындағы оқушылар да бұл мерекеге арнайы жобалар жасап, іс-шаралар өткізеді.
178 лицейіміздің төрінде атап өткізілетін бұл іс-шаралар оқушыларға еліміздің тәуелсіздігінің қадір-қасиетін түсіндіруді, егемен мемлекеттіміздің елдігін, еңсесін, тұғырын биік ұстаға үлес қосуға шақыруда зор өнеге болады. Осы іс-шаралардың нәтижесінде, болашақ буын патриоттық рухта тәрбиеленеді.

Ең маңыздысы – тоқтап қалмау. Бұл күн бізге еске салсын: тәуелсіздік – тек мұра ғана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік. Қазақстан жастары батыл, белсенді және жаңалыққа ашық болуы керек.
Абылай хан айтқандай: “Шын жүрекпен талпынған адамның алдында барлығы да мүмкін.” Бүгінгі біздің жолымыз – биік мақсаттар қою және өз күшімізге сену.

178 Мамандандырылған лицей
11”Б”сынып оқушысы Сапархан Мадина Сержанқызы
Жетекшісі:Етекбаева Жанар Мусаевна





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: