04
декабрь
2024
Ағылшын тілі мұғалімдері: Ауельбекова А., Алсаева А., СарсенбиеваС., Мамутова А., Нусупалиева Д. 9 сынып оқушыларымен дебат ойынын өткізді.
Қоғамдық -гуманитарлық пәндер кафедрасының онкүндігі аясында ағылшын тілі мұғалімдері: Ауельбекова А., Алсаева А., СарсенбиеваС., Мамутова А., Нусупалиева Д. 9 сынып оқушыларымен дебат ойынын өткізді. Ағылшын тілінде жүргізілген турнирде “This house believes that media products harm society” қарары қарастырылды. 4 фракция арасында ойын жүргізіліп, өзара тартысты сұрақтар қойылып, тың пікірлер айтылды. Нәтижесінде "A-Team” фракциясы жеңіске жетіп, аудандық деңгейге жолдама алды. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ШегалиеваЛ. және практикант Орынбаева Г. "Путешествие в мир языка и литературы" тақырыбындағы сыныптан тыс іс-шара 7 "Ә" сыныбында өткізді. Сайыс барысында оқушылар қызықты танымдық тапсырмалар орындады. Сыныптан тыс іс-шаралар өз дәрежесінде өткізілді.