Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Халық Қаhарманы» және «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағын алған тұлғалармен кездесу өтті
29
ноябрь
2024

«Халық Қаhарманы» және «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағын алған тұлғалармен кездесу өтті

2024 жылдың 28 қараша күні №178 мамандандырылған лицейде елімізде «Халық Қаhарманы» және «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағын алған тұлғалармен кездесу өтті. Лицейдің өзін-өзі басқару ұйымы «The Spice Lab» зерттеу лабораториясында оқушылардың үздік ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстарымен таныстырды. Қонақтардың құрметіне орай оқушылардың қолымен құрастырылған зымырандар мен дрондар ұшырылды.
⚜️ Сонымен қатар, лицейдің үздік оқушылары заманымыздың қаһармандары алдында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылданды. Дәуірдің дара тұлғаларының ерліктерін насихаттау, сондай-ақ «Еңбек Ерлерін» үлгі ете отырып, жастарға азаматтық-патриоттық тәрбие беруде өткізілген кездесу оқушылардың бойына ерекше рух ұялатып, елін жүрекпен сүйе білуге баулыды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: