Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
ноябрь
2024

«Магистр – ғылыми бағыттаушы»

🎓 №178 мамандандырылған лицейде магистрлердің оқу мен тәрбие үдерісіндегі рөлін көрсету мақсатында «Шығармашылық шыңдалу – рухани даму» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Лицейде ғылыми-педагогикалық сала бойынша жұмыс жасайтын 46 ғылым магистрі 3 бөлім бойынша жұмыс жасады. Бірінші бөлімде
«Магистр – ғылыми бағыттаушы»
тақырыбымен лицей магистрлерінің ғылыми-шығармашылық көрмелерінің таныстырылымы өтті. Екінші бөлімде «Мен – көшбасшымын»; «Заманауи магистр қандай болуы керек?»; «Білімнен ғылымға...» (ғылыми-әдістемелік идеялар кейсін жинақтау) тақырыптары бойынша әңгіме-сұхбат жүргізілді. Іс-шара соңында магистрлер «Ғылым көкжиегіне тың қадам» тақырыбымен ғылыми зерттеуде қабілеттері жоғары оқушылар мен ұстаздарды шыңдаудағы нәтижелі тәжірибелерімен алмасты.
📚Әр магистр өз жұмысын ғылыми ізденіс, шығармашылық көзқараспен атқаратын болса, жоғары функционалды, ғылыми шыңдалған тұлға қалыптастыра аламыз деген сенімдеміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: