25
ноябрь
2024
Салемова Іңкәр 100% ГРАНТ иегері!!!
🌟 Ізденген жетер мұратқа!!!
⚜️ 2024 жылғы 20-22 қараша аралығында Астана қаласында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша республикалық XVII Президенттік олимпиада сәтті өтті. Лицейімізден 11-сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар өз білімдерін биология, химия, физика және математика пәндері бойынша, жоғары нәтиже көрсетті.
🏆Олимпиада қорытындысы бойынша:
🥉 дәрежелі диплом және Сүлеймен Демирель атындағы университеттің (SDU) 100% білім грантына 11 “Б” сынып оқушысы Салемова Іңкәр ие болды.
📝 арнайы грамотамен 11 “В” сынып оқушысы Мамырхан Бекнұр марапатталды.
📍 Шәкірттеріміз әрдайым алда болып, биіктерден көріне берсін, жұлдыздары жарқырай берсін!

