18
ноябрь
2024
"KIMEP" университетіне ГРАНТ
"KIMEP" университетіне ГРАНТ
Лицейіміздің 11-сынып оқушысы — Айсынова Інжу "KIMEP" университетінің 4 жылдық ГРАНТ иегері атанды. Дарынды оқушымыз 10-сыныпта ғылыми-ақпараттық саяхат-сабағына бару арқылы аталған университеттің ішкі ережелерімен танысқан болатын. Міне, араға 1 жыл салып университет тарапынан ұйымдастырылған ішкі грантқа өтініш беріп, "Бизнес — маркетинг" жобасы бойынша топтық жұмыспен сынға түсіп, өзіне тиесілі грантты жеңіп алды. Оқушымыздың жетістігі мұғалімдер мен лицей әкімшілігі үшін зор мәртебе, біз саған алдағы уақытта да үлкен сенім артамыз деді,- лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы. Құтты болсын, Інжу! Жетістіктерің көп болсын.