16
ноябрь
2024
"Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер" тақырыбында ата- аналары мен оқушыларының арасында жылы кездесу өтті.
"Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер" тақырыбында 9 "Б", "Ғ", "Д" сыныптарының ата- аналары мен оқушыларының арасында жылы кездесу өтті.Өзгеше форматта өткен бұл жиналыста ата- ана мен оқушыларға түрлі қызықты сұрақтар қойылып,психологиялық тренингтер жүргізілді. Бейнесұрақтар мен ситуациялық жағдаяттарды шешу балалар мен олардың ата- аналары үшін өте қызықты әрі тартымды болды.Панельдік сессия кезінде ата ана мен балалар арасында керемет байланыс орнады. Түрлі ойындар ойнатылып,ата- ана мен балаға кеңестер берілді.Кездесу барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Жиналыс соңында ата - аналар кері байланыс жасап, керемет көңіл - күймен тарқады.

