25
декабрь
2023
Білім беру ұйымдарының мектеп және студенттік парламенттері көшбасшыларының қатысуымен қалалық семинар-конференция өткізілді
Қазан айының 25-ші жұлдызында Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының мектеп және студенттік парламенттері көшбасшыларын педагогикалық-психологиялық қолдау мақсатында қалалық семинар-конференция өткізілді. Семинар-конференцияға лицейіміздің «ЖасStar» өзін-өзі басқару ұйымы президенті, 10 «Ә» сынып оқушысы Ғалымжанқызы Іңкәр қатысты. Семинар барысында түрлі психологиялық ойын-тренингтер жүргізіліп, танымдық әрекеттер үшін цифрлық технологиялардың әсері жайлы кеңес берілді.

