04
декабрь
2023
Лицей кітапханашыларының ұйымдастыруымен 10-сынып оқушыларымен “Спид -ХХІ ғасыр дерті” атты дөңгел үстел өтті
№178 мамандандырылған лицей кітапханасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен 10-сынып оқушыларымен “Спид -ХХІ ғасыр дерті” атты дөңгел үстел өтті. Дөңгелек үстел мақсаты оқушыларға шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың, СПИД-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету арқылы, зиянды әрекеттердің салдарынан туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіруге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеуге, азаматтық жауапкершілік танытуға бағытталды. Оқушылар да өз ойымен бөлісіп, пікір алмасты.