02
декабрь
2023
Елімнің ертеңі - Жас Ұлан
Ағымдағы жылдың 2-желтоқсанында Алматы қаласы Білім басқармасы "Оқушылар сарайы" МКҚК-да "Жас Ұлан, Жас Қыран" ББЖ ұйымы мұшелігіне салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға лицейімізден 7-сынып оқушылары қатысты. Бүгінде 13 жыл бойы патриот жастарды тәрбиелеп жүрген ұйымға оқушыларымыз белсенді және жауапты қатысушылары болуға уәде беріп, мақтанышпен ант берді. Салтанатты іс-шара соңында, Білім басқармасының, Аманат партиясының мүшелері және Медеу ауданының ардагерлер кеңесі мен әкімшілік басқармасы құттықтап, ізгі тілектерін жолдады.

