07
сентябрь
2023
7-8 сынып оқушыларының арасында мәнерлеп оқудан "Тілім - тірегім,соғып тұрған жүрегім" атты жарыс өткізілді.
№178 мамандандырылған лицейінде 5 қыркүйек тілдер мерекесіне арналған "Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл" тақырыбында іс- шара өтуде. Лицейдің 7-8 сынып оқушыларының арасында мәнерлеп оқудан "Тілім - тірегім,соғып тұрған жүрегім" атты жарыс өткізілді. Бүгін мектеп кітапханасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Т. Ертуганованың ұйымдастыруымен осы сайыс өткізілді. С.Торайғыровтың, М.Мақатаевтың, Қ.Мырзалиевтің тіл туралы өлеңдерін оқушылар образға ене отырып,мәнерлеп оқып шықты.