Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
октябрь
2022

FIRST GLOBAL CHALLENGE - робототехника жарысы.

    🔘 FIRST GLOBAL CHALLENGE - робототехникадан өтетін әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі. Бұл байқаудың жеңімпаздары әлемнің жетекші университеттеріне түсуге мүмкіндік алады. Биылғы жарыс Швейцарияның Женева қаласында өтті. Еліміздің намысын FIRST Global Challenge ұлттық турнирінің 5 жеңімпаз оқушы қорғап, 167 елдің жасөспірімдерімен сынға түсіп, ұпай саны бойынша рекордпен жеңіске жетті.
🔹 Күллі әлем алдында көк туымызды көкте желбіреткен ұлттық командаға №178 мамандандырылған лицейдің дарынды және талантты түлегі, біздің мақтанышымыз Реймбаев Қажымұқан жетекшілік етті. Қазақстандық команда басқа елдердің командаларына көрсеткен «Айрықша қолдауы үшін» Al-Khwarizmi алтын медалін, сондай-ақ роботты жасаудағы тамаша инженерлік шешімдері үшін JUDGES AWARD арнайы сыйлығын жеңіп алды.
🔸 Еліміздің абыройын асқақтаған ұлттық құрама команданы №178 мамандандырылған лицейдің барлық ұстаздары мен шәкірттері атынан шын жүректен құттықтаймыз!!!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: