Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласында "SENIMEN BOLASHAQ" атты республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің филиалы ашылды.
26
март
2022

Алматы қаласында "SENIMEN BOLASHAQ" атты республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің филиалы ашылды.

  "Тәрбие – тал бесіктен" демекші, тәрбиесіз берілген дүниелердің бәрі бос екені айдан анық. Осы себептен Алматы қаласында "SENIMEN BOLASHAQ" атты республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің филиалы ашылды. Филиалдың ашылуына ҚР Парламент Сенатының депутаты Дана Нұржігіт пен Динар Нөкетаева, Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова, Алматы қаласы Білім басқарма басшысының орынбасары Қайрат Ізбасарұлы қатысты. Дөңгелек үстел барысында отбасы мәдениеті, балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу, ата-ана, бала және мемлекет бірігіп, жүйелі жұмыс істеуі жайында маңызды мәселелерді қозғады. Еркін форматта өткен отырыста лицейіміздің директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы да қатысып, өз ойын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.
Осындай маңызды бастаманы ұйымдастырып, қолдау көрсеткен қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Нұркен Асановқа алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта бірлестіктің білім мекемелерімен бірігіп атқаратын жүйелі де ұтымды жұмыстары көп болсын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: