28
февраль
2022
«Prof Union Fest» бірінші жастар форумы өтті.
✅ Алматы қалалық жергілікті «Ұстаз» кәсіподағының бастамасымен 2022 жылғы 25 ақпанда «Горное солнце» балалар лагерінің базасында «Prof Union Fest» бірінші жастар форумы өтті. Форумға №178 мамандандырылған лицейдің қосымша білім беру педагогы Майкен Сымбат Ғаламатқызы қатысты. Форум аясында Soft Skills: "Коммуникация - іскерлік қарым-қатынас және шешендік өнер", "Сыни тұрғыдан ойлау, дұрыс шешім қабылдау" атты семинар-тренинг, "Сені есту үшін не істеу керек" деп аталған шеберлік сағаты өткізілді. Сондай-ақ, спорттық-зияткерлік квест ойыны жүргізілді. Әрбір қатысушы жаңашыл идеяларын, шешімдерін ұсына отырып, кәсіподақ қызметінің мәселелерін талқылауға белсенді қатысты.
