Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицейде көп балалы ата-аналармен онлайн форматта жиналыс өткізілді.
19
октябрь
2021

Лицейде көп балалы ата-аналармен онлайн форматта жиналыс өткізілді.

№178 мамандандырылған лицейде көп балалы ата-аналармен онлайн форматта жиналыс өткізілді. Лицей психологтары Агажанова Жанна мен Жамалова Гаухар жиналыс барысында бала тәрбиесінде басты рөл атқарушы – ата-аналарға психологиялық кеңестер берді. Ата-ананың бала көңілін таба білуіне жол табу, балаға рухани тәрбие берудегі отбасы рөлінің маңыздылығы жайлы пікірлерін ортаға салды.
ҚР Үкіметінің 25.01.2008ж. №64 Қаулыға қатысты 17.08.2021ж. өзгерістер жайлы әлеуметтік педагог Шолпан Әбубәкірқызы айтып өтті. АӘК алатын тұлғамен (отбасымен) бірдей, Ақпараттық жүйелерді (ҰБДҚ және Е-Халық) интеграциялау арқылы екінші санат (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан білім алушылары) үшін білім беру ұйымына құжаттар жинау алып тасталынғаны жөнінде түсіндірме жүргізді. Материалдық көмек алу үшін ата-ана, заңды өкіл электрондық үкімет порталы арқылы, жұмыспен қамту орталығына АӘК алуға өтініш беру қажет екендігін айтып өтті. Сонымен қатар ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді..

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: