
11 ҚАҢТАРДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ «АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ЗАҢДЫЛЫҚТЫ САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЮРО» ҚҚ-МЕН БІРЛЕСІП, ӨМІРЛІК ҚИЫН ЖАҒДАЙДА ЖҮРГЕН БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚЫТУ ОНЛАЙН-СЕМИНАРЫ ӨТКІЗДІ.

Семинардың мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған балалармен жұмыс жасайтын мамандардың кәсіби әлеуетін арттыру.

Семинар Р. М. Ақылбекова, Э. С. Ватлина, Н. К. Иминова, А. В. Муха сынды тәжірибелі тренерлердің, құқық қорғау және қоғамдық ұйым өкілдерінің басшылығымен өтті. Сондай-ақ, семинарға өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтарының басшылары, әлеуметтік педагогтар мен психологтар қатысты.

Семинар барысында Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті тақырыптар қаралды: «Баланың негізгі қажеттіліктері. Баланың қажеттіліктерін бағалау», «Балалардың эмоционалды-мінез-құлық ерекшеліктерімен психологиялық-түзету жұмысы», «Жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыс», «Мигрант баланың құқықтары. Уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл кезінде мигрант балалармен жұмыс жөніндегі мәселелерді шешу», «Жарақат алған/жақынын жоғалтқан балаларды оңалту жұмысы», сондай-ақ «Кәсіби күйіп қалудың алдын алу және оны еңсеру».

Семинарда қатысушылар көкейдегі сұрақтарына жауап алып, өз тәжірибелерімен және пікірлерімен бөлісті. Барлық қатысушылардың алдағы жұмысына сәттілік тілейміз!


