Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Май 2024 года » Страница 4
«Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл» тақырыбында 7-11 сынып оқушыларына  сынып  сағаттары өткізілді
14
май
2024
«Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл» тақырыбында 7-11 сынып
     14 мамыр күні №178 мамандандырылған лицейде «Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл» тақырыбында 7-11 сынып оқушыларына  сынып  сағаттары өткізілді. 
Қамқоршылық кеңесінің отырысы №4 хаттама
13
май
2024
Қамқоршылық кеңесінің отырысы №4 хаттама
Қамқоршылық кеңестің №4 отырысында қаралып, тыңдалған мәселелер: 1. 2023-2024 оқу жылы бойынша мұғалімдердің іс-әрекетті зерттеу жұмыстарын жасау туралы. №178 мамандандырылған лицейдің кіріс-шығыс есебімен таныстыру. 2. Лицейдегі 11 сынып мектеп бітірушілерге мерекелік іс-шара ұйымдастыруға көмек көрсету, үздік оқушыларды марапаттау туралы. 3. "Жалпыға міндетті білім беру" қорынан көмек көрсетіліп отырған көп балалы отбасы оқушыларын қала сыртындағы лагерге жіберу және ҰБДҚ-порталы құжаттары
Лицей командасы жеңіл атлетикалық кросс спорт түрінен жүлдегер атанды
13
май
2024
Лицей командасы жеңіл атлетикалық кросс спорт түрінен жүлдегер атанды
     02-03.05.2024ж. Максим Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында Алматы қаласы Білім басқармасы «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы» ұйымдастырумен «Ұлттық мектеп лигасы» аясында жеңіл атлетикалық кросс спорт түрінен 9-11сыныптар арасында жарыс өтті. Жарыста қаламыздың ең үздік жүйріктері сайысқа түсті. Нәтижесінде Алатау ауданының намысын қорғаған лицейіміздің командасы 3-орынды иеленді. Жеңісті күндер көп болсын! Құттықтаймыз!  
"Игі істер" акциясы
10
май
2024
"Игі істер" акциясы
      Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген "Игі істер" акциясын қолдау мақсатында лицейіміздің 9 "Д" сынып жетекшісі Кенжебаева Мая Қыпшаққызы сынып оқушыларымен "Шаңырақ"  әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, қариялармен кездесіп, жылы лебіздері мен алғыстарын алып қайтты. Әрі ұйымдастырылған іс-шара оқушылар мен жас жеткіншектерді еңбекқорлық пен ұйымшылдыққа үйретудің тиімді әдісі болды.  
7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті
06
май
2024
7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша
     2024 жылдың 3-5 мамыр аралығында №208 мектеп-гимназияның және Almaty PhysTech school мектептерінің базасында 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Олимпиадада 12 пән бойынша 396 оқушы бақтарын сынады.      Олимпиада қорытындысы бойынша лицейімізден 20 оқушы қатысып, 9 оқушымыз   жүлдегер атанды. Білім сайысында мектебі мен ұстаздарының артқан сенімін ақтай білген оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз!