"Абай өлеңдерінен әдеби-танымдық оқу эстафетасы"
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні кафедрасының онкүндігі барысында "Абай өлеңдерінен әдеби-танымдық оқу эстафетасы" өткізілді. Мақсаты - Абайдың өмірі мен шығармашылығын таныта түсу, өлеңдері арқылы эстетикалық тәрбие беру. 5-7-сынып оқушылары арасында өткізілген сайыста бірде-бір оқушы еш мүдірместен, Абай өлеңдерін бірінен-соң бірі жалғастырып, мәнерлеп айта білді. Болашақта да Абай өлеңдерін тек жаттап қана қоймай, бойына сіңіріп, рухани шабыттана айтатын шәкірттеріміз көп болғай!