Қайырымдылық - адам жанының нұры
"Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің", - дейді халқымыз. Қайырымдылық- адамның адамға таза ниетін, адамгершілік, рухани қарым-қатынасын көрсететін имани, сауапты игі іс. Қазақ халқы қашанда көмекке мұқтаж адамдарды қанатының астына алып, қамқорлық танытудан еш тайынбаған. Жаны жақсылықты қалап тұратын жаны жайсаң, жомарт жандар қашанда қол ұшын созуға дайын. Осы орайда Коммунальное, №178 лицей ұжымы "30 күн ораза да - 30 игілікті іс" қайырымдылық акциясын жүргізуде.