28
февраль
2023
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау жұмысын жүргізді
«Специализированный лицей №178» КММ - де 2023 жылдың 28 ақпанында кезекті тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы өтті.
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия:
- ас блогындағы, асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуын;
- тамақ өнімдерінің сапасын, оларды сақтау шарттарын;
- тамақ дайындау сапасын;
- ас мәзірі бойынша барлық тағамдардың қамтылуын;
- ас блогындағы қызметкерлердің жекек гигиеналық ережелерін сақтауын бақылады.
Күнделікті ас мәзірі бекітілген. Қауіпсіздік техника ережелері сақталған. Тамақ өнімдерінің сапасы талапқа сай. Асханадағы санитарлық жағдай жақсы. Комиссия мүшелері асхана қызметіне, тамақ сапасына, тазалығына жақсы баға берді.