«Отан! Табиғат! Жер–Ана!» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Исабаева Б.Т. 8-сынып оқушыларымен «Отан! Табиғат! Жер–Ана!» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлдеп, жүйелі жеткізіп, өмірмен байланыстыра білді. Сонымен қатар, мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжай алды.