Мероприятие » Страница 10 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
"Жұлдызды сәт" атты семинарға "ЖасStar" лицей парламентінің приезиденті Ғалымжанқызы Іңкәр қатысты
05
январь
2024
"Жұлдызды сәт" атты семинарға "ЖасStar" лицей парламентінің
     ҚР Оқу-ағарту министрілігі «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК ұйымдастыруымен "Жұлдызды сәт" атты семинар өтті. Семинарға "ЖасStar" лицей парламентінің президенті Ғалымжанқызы Іңкәр қатысты. Шара барысында Парламент белсенділері өз тәжірибелерімен, идеяларымен бөлісті. Семинар мақсаты - дарынды және талантты балаларды қолдау, бастамаларына қолдау көрсету және өзара тәжірибе алмасуға жағдай жасау.  
"Қыста кітап оқимыз, жадымызда тоқимыз" атты іс-шара ұйымдастырылды.
05
январь
2024
"Қыста кітап оқимыз, жадымызда тоқимыз" атты іс-шара ұйымдастырылды.
     "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында лицей кітапханашылары "Қыста кітап оқимыз, жадымызда тоқимыз" атты іс-шара ұйымдастырды. Шараның мақсаты: оқушылардың қысқы демалысын тиімді өткізу, дүниетанымын кеңейту. Балалар оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісу арқылы басқаларды да кітап оқуға шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек
03
январь
2024
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға
https://egemen.kz/article/355466-qasym-zhomart-toqaev-biz-ozyq-oyly-ult-retinde-tek-qana-algha-qarauymyz-kerek
11 «А» сынып оқушылары Шахимерден Құсайыновтың «Томирис» драмасын оқыды.
28
декабрь
2023
11 «А» сынып оқушылары Шахимерден Құсайыновтың «Томирис» драмасын
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» тақырыбында қысқы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында 11 «А» сынып оқушылары Шахимерден Құсайыновтың «Томирис» драмасын оқыды. Жобаның мақсаты оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастырып, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету.
"Балалар жылы" аясында Специализированный лицей №178 оқушылары мерекелік Президент шыршасына қатысты
27
декабрь
2023
"Балалар жылы" аясында Специализированный лицей №178 оқушылары
      Коммунальноенда 2023 жылдың 27 күні "Балалар жылы" аясында Специализированный лицей №178дің 7"А"сынып окушылары Марат Інжу және Қайрат Нариман, 8”Ж” сынып оқушысы Султан Дамир  кезекті аталып өткен президент шыршасына қатысып қайтты. Мерекелік іс-шарада Қазақстан Республикасының жарық жұлдыздары мен Коммунальноеның әкімі Ерболат Досаев шырша қонақтарын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтап, жаңа жылда зор денсаулық, табыс және барлық тілектерінің орындалуын тіледі.
Білім беру ұйымдарының мектеп және студенттік парламенттері көшбасшыларының қатысуымен қалалық семинар-конференция өткізілді
25
декабрь
2023
Білім беру ұйымдарының мектеп және студенттік парламенттері
     Қазан айының 25-ші жұлдызында Коммунальное государственное учреждение «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының мектеп және студенттік парламенттері көшбасшыларын педагогикалық-психологиялық қолдау мақсатында қалалық семинар-конференция өткізілді. Семинар-конференцияға лицейіміздің «ЖасStar» өзін-өзі басқару ұйымы президенті, 10 «Ә» сынып оқушысы Ғалымжанқызы Іңкәр қатысты. Семинар барысында түрлі
«Арыстан» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Жанабай Аян Даниярұлы лицей оқушыларына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
22
декабрь
2023
«Арыстан» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Жанабай Аян
  21 желтоқсан күні «Арыстан» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Жанабай Аян Даниярұлы Специализированный лицей №178 оқушыларына кәсіби бағдар бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Школьникам «Арыстан» лицейі жайлы мәлімет беріліп, лицейдің оқу бағыты, күн тәртібі, киім үлгісі мен жиын-үйірмелер тізіміне шолу жасады. Оқушылармен кері байланыс жүргізіліп, сұрақтарына жауап берді.
Желтоқсан оқиғасының ардагері Курмансейітов Бауыржан Абайұлының қатысуымен кездесу өткізілді.
20
декабрь
2023
Желтоқсан оқиғасының ардагері Курмансейітов Бауыржан Абайұлының
Специализированный лицей №178де 11 "Е" сынып жетекшісі Бастерова Балхия Айдаркуловнаның ұйымдастыруымен лицейіміздің алғашқы әскери және техникалық дайындық пәні мұғалімі, Желтоқсан оқиғасының ардагері Курмансейітов Бауыржан Абайұлының қатысуымен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушылар Бауыржан Абайұлына "Желтоқсан оқиғасына" байланысты сұрақтар қойып, оқиғаға байланысты толық мәліметтер алды. Бауыржан Абайұлына алғысымыз шексіз.
7 ”Г",  8 "З " сынып  оқушыларына «Бүгінгі дұрыс тамақтану, ертеңгі дені сау ұлт» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
19
декабрь
2023
7 ”Г", 8 "З " сынып оқушыларына «Бүгінгі дұрыс тамақтану, ертеңгі
Специализированный лицей №178де 7 ”Г", 8 "З " сынып оқушыларына «Бүгінгі дұрыс тамақтану, ертеңгі дені сау ұлт» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін, дені сау ұрпақ ертеңгі елдің болашағы екендігін түсіндіру, денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.
10«Ә» сынып оқушылары тәуелсіздік жолында күрескен 16 желтоқсан көтерілісінің ардагерлері  Әбдіқұлов Мырзағұл және Светлана Жумагазиевнамен  кездесті.
19
декабрь
2023
10«Ә» сынып оқушылары тәуелсіздік жолында күрескен 16 желтоқсан
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17-18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары еді. Әрі бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болды.  "Қилы заман мықты адамдарды тудырады, ал мықты адамдар бейбіт заман тудырады" демекші бүгін Специализированный лицей №178дің 10«Ә» сынып оқушылары тәуелсіздік жолында күрескен 16 желтоқсан көтерілісінің ардагерлері  Әбдіқұлов Мырзағұл