29
апрель
2020
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналар жиналысы
№178 лицейде 7 сыныптар арасында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналар жиналысы 28 сәуір сағат 12.00-де өтті.
Жиналыстың мақсаты: қашықтықтан оқыту барысында ата-ана мен бала арасында қиындықтарды болдыртпау мақсатында психологиялық қолдау көрсету.
Ата-аналар жиналысы жоғарғы деңгейде өтті. Ата-ана мен ұстаздың арасында түсінбеген сұрақтар қойылып, ұстаздар тарапынан жауап берілді. Қашықтықтан оқу барысында ата-ананың міндеті қандай? Сонымен қатар ата-ана баласы үшін "нені білу керек?" деген сұрақтар диалог түрінде өткізілді. Жиналыстың соңында елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты түсіністікпен қарап, "ертеңгі болашағымыз үшін үйден шықпай, білім алуға шақырамыз" деп 7 сынып мұғалімдері ата-аналар жиналысын аяқтады.
#БІЗБЕРГЕМІЗ#ҮЙДЕБОЛЫҢЫЗ