29
апрель
2020
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
Сәлеметсіздер ме құрметті Қазақстандықтар елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты біз Коммунальное, Алатау ауданы №178 лицей, 7 «Ә» сынып оқушылары «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» атты челенж бастап отырмыз.
Тәуелсіз Қазақстанда мейрам 1996 жылдан бастап тойланады. 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы бұйрыққа Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылдың 18 қазанында қол қойды.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі жақындап келеді. Бұл еліміздегі ең жарқын және мерейлі мейрамдардың бірі. Қазақстан аумағында тұрып жатқан 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің киелі қара шаңырақта тату-тәтті өмір сүруі үшін береке мен ынтымақ, бірлік пен бейбітшілік аса қажет. Сондықтан бұл мейрамның маңызы зор.