«Білім беру мазмұнын жаңарту аясында жаратылыстану-ғылыми пәндерін оқыту ерекшеліктері» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында жаратылыстану-ғылыми пәндерін оқыту ерекшеліктері»
16
апрель
2020

«Білім беру мазмұнын жаңарту аясында жаратылыстану-ғылыми пәндерін оқыту ерекшеліктері»

   2020 жылғы 16 сәуірде Коммунальноенда Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының ұйымдастыруымен «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында жаратылыстану-ғылыми пәндерін оқыту ерекшеліктері» республикалық ғылыми-әдістемелік вебинары өтті. Вебинарда алғы сөзді Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының директоры г.ғ.д., профессор Каймулдинова Күләш Дүйсенбайқызы алды. Нұр-Сұлтан қаласынан Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к. Шуиншина Шолпан Мырқасымовна «Мектеп-жоғары оқу орындары жүйесінде білім беру мазмұнының сабақтастығы» туралы баяндаса, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің біліктілікті арттыру бағдарламалары жөніндегі аға менеджері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің докторанты Қаратабанов Руслан «Қазақстандағы жаңартылған білім беру мазмұны», Абай атындағы ҚазҰПУ Біліктілікті арттыру және қашықтықтан оқыту орталығының доценті, п.ғ.к. Оракова Амангул Шахарбековна «Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңартудағы «педагогикалық дизаин» идеялары», Коммунальное №178 лицейдің директоры, э.ғ.к. Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімдердің кәсіби дамуындағы лицей қызметінің рөлі», Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, п.ғ.к. Демеуова Ләзат Нұрмахановна "Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында болашақ педагогтарды дайындау (Жаратылыстану және география институты мысалында)» тақырыптары бойынша сөз қозғады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: