Қалалық семинар "Lesson Study арқылы мұғалімнің зерттеушілік құзіреттілігін дамыту"
Посмотреть онлайн файл: seminar-2020.docx
Семинарға қала мектептерінен 68 химия және биология пәндерінің мұғалімдері қатысты. Семинарда алғашқы сөзді лицей директоры Шадиев Қ.Х лицей жайлы ақпаратпен хабардар етті. Кезекті баяндаманы ҚББЖТҒӘО оқу бөлімінің әдіскері Алипова М.Т. жүргізді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Шажабаева К.С. лицейдің интранет жүйесімен таныстырса, ал Даулетбаева Г.А. «Lesson Study үдерісін тиімді жүргізу арқылы мұғалімнің бақылау дағдысын қалыптастыру» тақырыбында баяндама жүргізді. Лицейдегі Lesson Study үдерісінің жүргізілуімен «Lesson Study – мектеп жұмысын жетілдірудің оңтайлы жолы» тақырыбында Lesson Study бойынша лицей тренері Айдарова А.Б. таныстырды. Lesson Study бойынша зерттеу тобы мүшесі, «Жыл мұғалімі-2019» иегері Қайырбай Қ.С. өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинар барысында химия пәнінің мұғалімі Момынов Өскенбай Лесұлы «Химия пәнінен эксперименттік есептерді шығару» тақырыбында шеберлік сағатын көрсетсе, биология пәнінің мұғалімі Айдарова Айдана Берікқызы «Биология сабағында Case Study әдісін қолданудың тиімділігі» тақырбында коучинг өткізді. Сонымен бірге биология пәнінің мұғалімі Джумабаева Гулнар Бейсембековна 8 «В» сыныбына биология пәнінен «Адам қаңқасының құрылысы. Тірек-қимыл жүйесінің рөлі мен қызметі» тақырыбында Lesson Study бойынша зерттеу сабағын жүргізді. CLIL технология негізінде химия пәнінің мұғалімі Жұмабай Фатима Мұхамбетжанқызы 8 «З» сыныбына «The relationship between types of crystal lattices, types of chemical bonds and properties of substances» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Семинар соңында педагогикалық рефлексия жасалып, лицей психологы Агажанова Жанна Алтынбековна тұлғаның басымдылық деңгейін анықтауға тренинг жүргізді. Мобильді қосылғыш арқылы кері байланыс жасалып, мұғалімдер семинардан алған әсерлерін жазбаша және ауызша бөлісті. Қорытынды сөзді ҚББЖТҒӘО оқу бөлімінің әдіскері Алипова М.Т. қорытындылады. Семинардың жоғары дәрежеде жүргізілгенін айта келе, лицей әкімшілігіне, лицейдің зерттеу тобына қонақтардың айтар алғысы көп болды.