15
февраль
2020
Үйірме жұмыстары: РОБОТОТЕХНИКА
№178 лицей 5-10 сынып оқушылары арасында "Робототехника" үйірмесі бойынша бірнеше топ жұмыс жасайды.
Бүгінгі технологиялар дамыған заманында адамның ақпараттық сауаттылығы туралы түсінігі күн сайын өзгеріп келеді. Осыдан 10 жыл бұрын адамның сауаттылығы тек оқу мен жазу көрсеткіштері арқылы бағаланатын болса, казір компьютермен жұмыс істеу тәжірибесі маңызды болып саналады, ал ертеңгі күні әрбір сауатты адам роботпен жұмыс жасай білу қажет. Бүгінгі күні робот өмірімізге нық қадам басып кіріп келеді, өйткені қазір барлық салаларда роботтың көмегіне сүйеніп түрлі-түрлі жұмыстар атқарылады. Осындай уақыт талабынан туындап отырған көптеген игі іс-шаралар лицейде оқу-тәрбие үдерісіне енгізілуде.
Үйірме жұмыстарына қатысатын 5-10 сыныптардың белсенді оқушылары ЛЕГО, Майнстромс НХТ 2,0 және ЕВ-3 модельдерімен жыл сайын аталған лего модельдері бойынша көптеген аудандық, қалалық, республикалық және халықаралық жарыстар мен олимпиадаларда өздерінің бақтарын сынап, жүлделі орындарға ие болып жүр.