28
январь
2020
«Қыс қызығы» тақырыбында сурет көрмесі өткізілді
Лицейдің жылдық жоспарына сәйкес 5 «Б» сыныбының оқушылары арасында «Қыс қызығы» тақырыбында сурет көрмесі өткізілді.
Көрмеде оқушылар өздерінің дайындап келген суреттерін түсіндіріп, салынған суреттерінің мағынасын аша білді.
Сурет көрмесінің негізгі мақсаты: Оқушылардың белсенділігін арттыру және өз қолдарымен жасаған жұмыстарының еңбегін бағалау болып табылады.
Сурет көрмесіне қатысып, өз шеберліктерін шыңдағаны үшін оқушыларымызға және 5 «Б» сыныбының жетекшісі Каирбаева Майра Ануархановнаға өз алғысымызды білдіреміз.