"Ғылым көкжиегі" атты кездесу » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
27
январь
2020

"Ғылым көкжиегі" атты кездесу

№178 лицейде физика-информатика кафедрасы онкүндігі аясында 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физик-ғалым ұстаздарымен кездесу өткізілді.

Оңласын Имамбеков - 150-ге тарта ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторы. Оның ғылыми зерттеулерінің негізгі нәтижелері жоғарғы рейтингілі Nucl.Phys.A., Phys.Rev.C., Phys.Lett.B тәрізді беделді журналдарда және Халықаралық ғылыми конференциялардың материалдарында жарияланған. 2007-2012 жылдар аралығында Ресейдің Дубна қаласындағы Ядролық зерттеулердің бірлескен институтында (ОИЯИ) және Германияның Юлих қаласындағы Ядролық физика институтында қызмет атқарған. Бүгінде ҚазҰУ-дың теориялық және ядролық физика кафедрасында ондаған жылдар бойы орындалып жатқан зерттеулердің ғылыми жетекшісі және 2007 жылғы «Жоғарғы оқу орынының үздік оқытушысы» атағының иегері. Ұлттық ғылыми-техникалық орталығының мәліметі бойынша Springer баспасынан шығатын ғылыми журналдарда 2016 жылы ең көп мақала жариялаған Қазақстандық авторлардың бірі.

Ол ғылыми зерттеу жұмыстарымен қатар ғылыми-әдістемелік жұмыстарға да ерекше көңіл бөледі. «Жалпы физика», «Теориялық физика курсы», «Кванттық механика», «Ядро теориясына кіріспе», «Ядролық астрофизика» курстарынан дәрістер оқиды. ҚР ҒБМ университеттердің физика мамандықтарына ұсынған «Кванттық механика» оқулығының авторы, Қазақстан мектептерінің 10 сыныпына арналып жаңадан даярланған жаратылыстану бағытындағы «Физика» оқулығының авторларының бірі. 

    Абишев Медеу Ержанұлы - ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ теориялық және ядролық физика кафедрасының меңгерушісі, ҚазҰУ медициналық физика орталығының директоры. 1998 жылдан бастап ҚазҰУ ЭТФҒЗИ, 2000 ж. бастап ҚазҰУ қызмет етуде.  «ЖОО үздік оқытушысы» грантының, талантты жас ғалымдарға арналған МОН РК стипендиясының иегері. Оның жетекшілігімен 1 ғылым кандидаты мен 2 PhD доктор дайындалды. Ғылыми бағыттары: теориялық физика, астрофизика, жалпы салыстырмалық теориясы, ядролық физика, медициналық физика.

      Физик-ғалымдар оқушылар мен мұғалімдердің сан алуан сұрақтарына жауап беріп, өздерінің ғылым жайлы ойларымен бөлісті. Оқушылардың физика ғылымына деген көзқарастары кеңейіп, қызығушылықтары артты. Ғалымдарға деген алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.  Кездесу кеші өте тартымды, құнды болды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: