21
декабрь
2019
«Қыс мезгіліндегі қауіп-қатер және қауіпсіздік» тәрбие сағаттары
Қыс мезгілі өзінің табиғи ерекшеліктеріне орай адамдарға өзінің ызғарын көрсетеді. Осыған орай 2019 жылғы 21 желтоқсанда №178 лицейде 5 -11 сыныптар арасында «Қыс мезгіліндегі қауіп-қатер және қауіпсіздік» атты тақырыпта тәрбие сағаттары өткізілді.
Қыста боран мен қардан кейінгі мұз үстімен жүруге болмайды. Қатты ағымды өзендердің үстіндегі мұзбен жүргенде абай болу қажет.
Мұз үстінде жүру ерекшеліктері:
- қатпаған мұз үстіне шықпаңдар;
- мұз үстінде топ болып тұрмау керек;
- мұз жарылған, шұңқыр жерлерге жақындамаңыз;
- биік жардан шана, шаңғымен сырғанамаңыз;
- мұз үстіне рұқсат етілмеген жерлерден өтпеңіз;
- мұз үстіне қараңғы, нашар көрінетін кезде шықпаңыз;
- өткел жоқ жерден мотоцикл, автокөлікпен жүрмеңіздер.
Егер сіз тайсаңыз, отыра қалыңыз. Құлап бара жатып, өзіңді жинап, жерге тигенде домалау қажет.
Білім алушыларға теориялық білімдерді түсіндірумен қатар, қауіп-қатерге тап болған жағдайда қолданылатын іс-шараларды тәжірибе жүзінде жүзеге асырды.