14
декабрь
2019
«Тәуелсіз елім – тірегім»
Лицейіміздің белсенді оқушысы, «Ел Жастары» клубының мүшесі, Алатау аудандық «Тәуелсіз елім – тірегім» тақырыбында өткізілген патриоттық әндер сайысында ІІ орынға ие болды.
Алатау аудандық Оқушылар үйінде «Тәуелсіз елім – тірегім» тақырыбында өткізілген патриоттық әндер сайысында 7 «Е» сыныбының оқушысы, «Ел Жастары» клубының мүшесі Ислам Әлібай аудандағы 26 мектептің оқушылары қатысқан сайыста жүлделі ІІ орынға ие болды. Осымен 2019 жылдың тағы бір аудандық сайысынан жүлделі орынмен оралып, қоржынымызға кезекті жүлде қосылды.
Ислам Әлібайдың өнері өрге жүзіп, халықтың сүйікті әншісі болуына тілектеспіз.