20 қараша – Бүкіләлемдік балалар күні » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
20
ноябрь
2019

20 қараша – Бүкіләлемдік балалар күні

     20 қараша күні БҰҰ Ассамблеясы 1959 жылы Балалар құқығы декларациясын, ал 1989 жылы Балалар құқығы Конвенциясын қабылдаған. 1954 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бүкіл әлемде балалардың аман-саулығын қамтамасыз етуге бағытталған игі іс-қимылдарға арналған балалардың бүкіләлемдік бауырластығы мен өзара түсіністігінің белгісі ретінде «Дүниежүзілік балалар күнін» барлық елдерде атап өтуде.

     Бүгінгі күн №178 лицейде Дүниежүзілік балалар күніне арналған сынып сағаттарынан басталды. Сынып сағаттары 9 сынып оқушылары арасында «Дүниежүзілік балалар күні» тақырыбында  өткізілді. Сабақтың мақсаты: Баланың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру; адам құқықтарына оқыта отырып, түсініктерін қалыптастыру; өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету; Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
     Ашық сынып сағатында «Балалардың құқықтары» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты мәлімет берілді. 9 сынып  оқушылары өткізілген сабақ бойынша өз пікірлерін білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: