05
ноябрь
2019
«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»
2019 жылдың 5 қараша күні №178 лицейде «Қыз Жібек» қыздар клубының мүшелері, лицей психологы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Мақсаты - қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу; қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру. Оған 6-сыныпта оқитын барлық оқушы-қыздар қатысты. Дөңгелек үстел аясында оқушылар қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу туралы, өзін-өзі тәрбиелеп, қазақ қызы деген биік есімге нұқсан келтірмеуге тырысу қажеттігін басты назарға алды.