Лицейіміздің теңбіл доп шеберлері – қаламыздың мақтанышы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
» » Лицейіміздің теңбіл доп шеберлері – қаламыздың мақтанышы
22
октябрь
2019

Лицейіміздің теңбіл доп шеберлері – қаламыздың мақтанышы

     Көкшетау қаласында оқушылар арасында өткен «Бурабай кубогы» жарысы өз мәресіне жетті. Аталған жарысқа Коммунальное атынан №178 лицейдің оқушылары қатысып, топтық кезеңнен сүрінбей, ширек және жартылай финалдардан мүдірмей өтіп, финалға шыққан болатын. Финалда оқушыларымыз Жамбыл облысының аяқ доп шеберлеріне есе жіберіп, екінші орынға тұрақтады. 
     Лицей оқушыларының жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әнәпьяев Естай Мұхтарұлы болды. 
   Топтық кезеңді «С» тобынан бастаған лицей оқушылары ең алғашқы 3 ойынды жеңіспен бастады. Ақтөбе қаласынан келген оқушыларды 2:0, Қызылорда облысының оқушыларын 3:0, Шығыс Қазақстан оқушыларын 7:0 есебімен ойсырата ұтып, топтық кезеңнен 1 орынмен шықты. Ал, ширек финалда Шымкент қаласының оқушыларын 4:0, жартылай финалда Ақмола облысының оқушыларын 2:1 есебімен ұтып финалға шықты. Шешуші сәтте лицей оқушылары Жамбыл облысының оқушыларына 3:1 есебімен жол беріп, екінші орынды еншіледі. Коммунальноеның намысын абыроймен қорғаған лицейіміздің оқушыларына және команда жетекшісіне өз алғыстарымызды білдіріп, кезекті жүлделі орындарымен құттықтаймыз.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

20 сентябрь 2019 «Birinshi Jastar Oiyndary»
07 сентябрь 2019 Оқушылар үйінде
06 сентябрь 2019 Ел жастары