19
октябрь
2019
Лицей мақтанышы – ауданымыздың басшылық қызметіне сайланды
Алатау ауданына қарасты №1 Оқушылар үйінде жалпы орта білім беретін мектептер, гимназиялар мен лицей оқушылары арасында ауданаралық Ұланбасыларды тағайындау мақсатында сайлау өткізілді. Сайлау барысында №178 лицейдің 9 «ғ» сынып оқушысы Әлихан Серікұлы Алатау ауданы оқушылар қоғамдастығының «Салауатты өмір салтын сақтау» қызметінің басшысы болып сайланды.
Бокстан спорт шеберлігіне үміткер, боксшы Әлихан Серікұлына алдағы уақытта қызметіне табыс пен сәттілік тілейміз!