"Ақын - елдің ардағы" » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
21
ноябрь
2023

"Ақын - елдің ардағы"

     Специализированный лицей №178де қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында сыршыл ақын, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері Ақберен Елгезекпен  «Ақын - елдің ардағы» атты кездесу кеші өтті. Кештің негізгі желісі қаламгердің «Болмаған балалық шақ» повесінің мазмұны бойынша өрбіді. 
     Кездесудің «Поэзия минуты» бөлімінде оқушылар ақынның «Тілек», «Түнек басып тұрғанмен көңілде нұр», «Мама»  және тағы басқа өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын өлеңдеріне жазылған әндерді нақышына келтіре орындады. Қаламгерге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, кеш қонағымен әсерлі әңгіме өрбіді. Кездесу соңында ақын  лицей ұжымы мен оқушыларға жылы лебізін білдірді. 
Ардақты ақын Ақберен Елгезекке шығармашылық табыс тілеп,  мазмұнды сұхбат үшін ұжым мен оқушылардың атынан үлкен алғыс білдіреміз!
Ұйымдастырушылар: Усентаева Б.А., Сатбаева Р.С., Рапилова Э.Ж., Ертуғанова Б.Т.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: