15-қарашада 10 «Е» сыныбында «Индустрия ұлттық өндіріс» тақырыбында ашық сабақ өткізілді » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
» » 15-қарашада 10 «Е» сыныбында «Индустрия ұлттық өндіріс» тақырыбында ашық сабақ өткізілді
15
ноябрь
2023

15-қарашада 10 «Е» сыныбында «Индустрия ұлттық өндіріс» тақырыбында ашық сабақ өткізілді

     Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында  15-қарашада  10 «Е» сыныбында «Индустрия ұлттық өндіріс» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ мақсаты: білім алушылардың қазақ тілі сабағында тыңдалым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар Ұлттық индустрияның дамуы, оған болашақ ұрпақтың да қосар үлесінің зор екендігіне бағыт-бағдар беру.  Осы сәтте сынып оқушылары болашақта әлемдік деңгейде көргісі келетін «Отандық өнімнің брендке айналуы» тақырыбы бойынша шағын жоба жұмысын қорғап шықты. Отандық көлік индустриясының дамуына ықпал етіп, болашақта әлемдік аренада көргісі келетіндігі тамсандырды. Жобада «QoshCAR” автокөлігінің  бренд маркасын ойлап тауып, ондағы логотиптің қошқар мүйіздес  жасауы және оның  қазақылықтың қастерлі символымен  сәйкестендіре білуі бүгінгі білім алушылардың болашаққа деген сенімі, ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіре отырып, тәрбие мен білімді ұштастыруы қуантарлық жағдай. Пән мұғалімі: Етекбаева Ж.М.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: