Шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионатына қалалық іріктеу жарысы өтті. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
» » Шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионатына қалалық іріктеу жарысы өтті.
30
май
2023

Шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионатына қалалық іріктеу жарысы өтті.

Академия ФИДЕ «Шахмат әлемі» мектебінде екі категория бойынша 12 жасқа дейін және одан жоғары 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионатына қалалық іріктеу жарысы өтті. 18 жасқа дейінгі екінші категория бойынша № 178 мамандандырылған лицей оқушылары қатысты. Жарысқа 10 команда қатысты. Жарыстың мақсаты:
- оқу орындарында шахматты насихаттау;
- мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
- Қазақстан Республикасында шахматты дамыту;
- одан әрі Республикалық кезеңге қатысатын ең күшті мектеп командасын анықтау.
Әр ауданнан ең мықты деген мектеп оқушылары қатысып, бақ сынасып, тартысты ойын көрсетті. Қызықты да тартысты өткен жарыста жеңімпаздар анықталып, ұйымдастырушылар тарапынан қаржылай сыйлықтар мен кубок, медальдар тапсырылды.
Нәтижесінде: 1 орын № 92 мамандандырылған лицей 150 000 теңге, 2 орын Назарбаев Зияткерлік мектебі 100 000 теңге, 3 орынды Специализированный лицей №178 иеленіп, қаржылай 50 000 теңгемен марапатталды. Жеңімпаз командаларды жеңістерімен құттықтаймыз!
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: