«Жастар арасындағы діни түсінігін дұрыс қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу»
Ағымдағы жылдың сәуір айының 19-шы жұлдызында Коммунальное Қоғамдық даму басқармасының бастауымен, №178 лицейде 9-11 сынып оқушыларына «Жастар арасындағы діни түсінігін дұрыс қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында оқыту іс-шарасы жүргізіліп, сонымен қатар, оқушыларға экстремизм-терроризм бойынша «Зұлымдық қалай бүркеленеді?» атты тақырыбына 20 минутқа созылған видеоролик көрсетілді.
Аталған іс-шараның өткізілу мақсаты қазіргі жасөспірімдерге діни ағымдар бойынша дұрыс түсінік беріп, экстремизм-терроризмнің қатыгездік жолдарын көрсету көзделген.
Лицей оқушылары ұйымдастырған іс-шараға толықтай қатысып, Қоғамдық даму басқармасынан келген Т.Кудайкуловқа діни ағымдар туралы сұрақтар қойып, оларға толыққанды жауаптар алды.
Қорытындылай келе, кездесуге қатысқан оқушыларға діни тұрғыда мол түсінік беріліп, ислам діні туралы және осы дінде терроризм мен экстремизм ұғымдарының жоқ екендігін, сонымен қатар, теріс діни ағымды ұстанушылардан аулақ болуын айтып өтті.