«Open Air Sport» байқауына орай 5-11 сынып оқушылары арасында шахмат турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » «Open Air Sport» байқауына орай 5-11 сынып оқушылары арасында шахмат турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті.
21
апрель
2023

«Open Air Sport» байқауына орай 5-11 сынып оқушылары арасында шахмат турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті.

     Коммунальное Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 20 сәуір күні «Алматы БАЛАFEST» фестивалі аясында Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Open Air Sport» байқауына орай 5-11 сынып оқушылары арасында шахмат турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті. Турнир 2-4 сыныптар, 5-8 сыныптар және 9-11 сыныптардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүргізілді. Бұл турнирге лицейімізден 6-11 сыныптардың оқушылары қатысты. Шәкірттеріміз шахмат жарысында топ жарып, үздіктердің қатарынан орын алды. Командалық үздік ойын нәтижесінде, лицей оқушылары 5-8 сыныптар арасында және 9-11 сыныптар арасында да 🥇орын иеленіп, қалалық кезеңіне жолдама алды. Шәкірттерімізді құттықтаймыз және қалалық кезеңінен де қанжығалы оралуына тілектеспіз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: