10
март
2023
Физика пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Слямгалиева Г.Н. "Акустикалық резонанс. Жаңғырық" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Шебер мұғалім – білімді, әрі саналы ұрпаққа негіз болмақ. Физика-информатика кафедрасының айлығының аясында физика пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Слямгалиева Гульнар Набиевна 9 «Ж» сыныбымен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: "Акустикалық резонанс. Жаңғырық" Оқу мақсаты: Резонанстың пайда болу шарттарын атау және оның қолданылуына мысалдар келтіру; Жаңғырықтың пайда болу табиғатын және оны қолдану әдістерін сипаттау; Табиғатта және техникада ультрадыбыс пен инфрадыбысты қолдануға мысалдар келтіру. Танымдық дағдылар мен логикалық ой-өрісін біріктірген сабақ, оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытудағы тәжірибе алаңына айналды.