Халықаралық зерттеу жобалар конкурсында топ жарған жас зерттеушілер » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
» » Халықаралық зерттеу жобалар конкурсында топ жарған жас зерттеушілер
03
март
2023

Халықаралық зерттеу жобалар конкурсында топ жарған жас зерттеушілер

📚 2023 жылғы 1-3 наурыз күндері аралығында өткізілген Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механикадан ХІІІ Халықаралық зерттеу жобалар конкурсы өз мәресіне жетті. Конкурсқа Тәжікстан, Қырғызстан Республикаларынан және Қазақстанның барлық өңірлерінен 112 жобамен 150 оқушы өздерінің авторлық ғылыми-зерттеу жобаларын ұсынды.
Білім мен ғылымды ұштастыра білген дарынды оқушыларымыз:
- Жалғасбек Адал мен Маратова Аяжан «Экономикалық тұрақсыздық жағдайында шағын бизнестің ұлттық экономикадағы рөлі» тақырыбындағы авторлық зерттеу жұмысы топ жарып, ІІ дәрежелі диплом мен халықаралық деңгейде 🥈КҮМІС МЕДАЛЬ жеңіп алды. Ғылыми жетекшілері: Абдраимов Айдын және Шадиев Кайратбек Хамзаханұлы.
- Әубәкір Іңкар мен Мұқаш Ермұхан «Шешім қабылдау теориясын қабылдау ерекшеліктері» зерттеу жұмысы ерекше бағаланып, І дәрежелі диплом мен халықаралық деңгейде 🥇АЛТЫН МЕДАЛЬ жеңіп алды.
Ғылыми жетекшілері: Сағиолданов Талант, Смағұлова Гулнар.
🏆 Еліміздің экономикасының дамуына үлес қосып жүрген дарынды шәкірттерімізді жеткен жетістігімен құттықтаймыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: