23
февраль
2023
«№7 зертханалық жұмыс. Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау» тақырыбында ашық сабақ өтті.
«Ғаламшар мен ғаламторға саяхат» тақырыбында физика-информатика кафедрасының айлығы жалғасуда. Физика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Жумагулова Сагила Абдуллаевна 8 «Б» сыныбымен «№7 зертханалық жұмыс. Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың оқу мақсаты: Эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау; физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау; кВт*сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын практика жүзінде анықтау.