"Ел жастары" клубының әлеуметтік бағыты бойынша атқарған қайырымдылық игі іс-шарасы. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
» » "Ел жастары" клубының әлеуметтік бағыты бойынша атқарған қайырымдылық игі іс-шарасы.
05
май
2022

"Ел жастары" клубының әлеуметтік бағыты бойынша атқарған қайырымдылық игі іс-шарасы.

    Лицейіміздің белсенді оқушылары "Ел жастары" клубының әлеуметтік бағыты бойынша лицейдің әлеуметтік педагогы Шойынбаева Шолпан Әубәкірқызымен бірге тағы бір қайырымдылық шарасын өткізді.
1 Мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған "Бірлігіміз жарасқан!" тақырыбында өткен қайырымдылық жәрмеңкесіне түскен қаражатты, бүгін Айт мерекесінде Ақкент шағын ауданында тұратын көп балалы отбасыларға азық-түлік есебінде апарып берді. Бірлігі жарасқан, жүректері мейірімге толы жандардың қатарында болайық. Осы жәрмеңкеге қолдау көрсеткен ардақты ата-аналарымызға, аяулы ұстаздарымыз бен дарынды оқушыларымызға және лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлына өз алғысымызды білдіреміз!
Біз - оқушыларымызбен мақтанамыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: