28
март
2022
“Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту” тақырыбында семинар өтті.
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту” тақырыбында семинар өтті. Семинарды НЗМ ДББҰ ПШО тренері Д.А.Алиасқаров жүргізді. Семинарға Специализированный лицей №178дің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері қатысып, оқушылардың сыни ойлау арқылы бірлескен топтық жұмыста шешімін анықтауға, мәтінмен жұмыс жасауға, істі тәжірибесінде пайдалануға қадам жасауға бағытталған жұмыс түрлерін талдады. Қатысушылар үшін семинар мазмұнды тәжірибе алмасу алаңы болды.