Лицейде дебат қозғалысының өзекті мәселелері бойынша семинар-тренинг өткізілді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
» » Лицейде дебат қозғалысының өзекті мәселелері бойынша семинар-тренинг өткізілді.
01
март
2022

Лицейде дебат қозғалысының өзекті мәселелері бойынша семинар-тренинг өткізілді.

   Наурыз айының 1- күні Коммунальное Специализированный лицей №178де дебатқа оқушыларды жаппай тарту, олардың ынтасын арттыру, сыни ойлау дағдыларын дамыту мақсатында дебат қозғалысының өзекті мәселелері бойынша ағылшын тілі мұғалімі Ауелбекова Айнұрдың ұйымдастыруымен семинар-тренинг өткізілді.
Тренингті Алматы пікірсайыс қоғамдастығының қалалық координаторы «The Argument» онлайн дебат мектебінің негізін қалаушысы Джанабаева Дарига жүргізді. Семинар-тренинг барысында шешендік өнердің дамуы мен қағидалары, пікірсайыс тарихы, әлемдегі танымал пікірталастар тақырыптарына басты назар аударылды. Сонымен қатар, пікірсайыс ережелері – тақырып анализі, кейс, ойынға қатысушылардың қызметтері туралы айтылды.
Тренингке 40-тан астам 9-10 сынып оқушылары қатысты, олар өз тілектері мен оң пікірлерін жаудырып, жағымды эмоцияларымен және жарқын әсерлерімен бөлісті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: