22
февраль
2022
"АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Исабаева Балмира Таупыққызының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шара өткізілді. Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу, оқушылардың танымдық деңгейін дамыту. Іс-шара барысында 5-сынып оқушыларының қатысуымен Тіл білімі институтының, тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Әміржанова Назира Серікқызын арнайы шақырып, "АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, ұлы ұстаз жайында мағлұмат алды.